«Қайрат» бас бапкерінің көмекшісі Максим Зуев «Жетісумен» өткен тең ойын жайлы айтты:
— Әрине, біз басқа нәтиже күткенбіз, бірақ бұл — футбол. Қарсыластардың барлығына бірдей қарау керегін тағы бір мәрте түсіндік. Қарсыласымызды бір ұпай алғанына байланысты құттықтаймын. «Жетісу» — жақсы әрі ұйымдасқан команда. Біздің екінші таймда бірнеше жақсы мүмкіндігіміз болды. Ойыншыларды ауыстырып, ойынды серпілттік. Жігіттер ойынның екінші жартысында нұсқауды орындады, алайда футболда сәттілік те рөл атқарады. Бізге соның сәл ғана жетіспегені өкінішті. Алға жылжимыз. Алда өз алаңымызда өтетін маңызды матч бар. Қателермен жұмыс істеп, түзеуге тырысамыз.