«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Маки Баньяк: Қай кезде, қай тұста қауіп туғызу керегін білдік
Қайрат

Маки Баньяк: Қай кезде, қай тұста қауіп туғызу керегін білдік

13 сентября 2022
/ 06:00
«Қайрат» ФК қорғаушысы Маки Баньяк клубтың баспасөз қызметіне «Тұранға» қарсы матч жайлы және жарақаты туралы айтып берді.

- Апта бойы «Тұранға» қарсы матчқа дайындалдық. Қарсыласымызды зерттеп, олардың әлсіз түсін таптық. Қай кезде, қай тұста қауіп туғызу керегін біліп, оны сәтті қолдана алдық. Бұған үзіліске дейінгі есеп дәлел.

Жарақаттан айығу жайына келсек, алғашқы 20 минут 3 апта бойы ойын тәжірибесі болмағандықтан қиынға түсті. Бірақ 20 минуттан кейін өзімді жақсы сезіне бастадым.

Әлі күнге дейін секіргенде не допты тепкенде кішігірім жайсыздық бар. Бірақ бұл маңызды емес. Командадағы әріптестеріммен бірге соңына дейін күресемін. Әлі тосынсый жасай алатынымызға сенімдімін.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»