«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Лейпциг» жолымен». Қайрат Боранбаев – «Қайраттың» жаңа бапкермен мақсаты, Академияның жас жұлдызы және Қазақстандағы футбол туралы
Клуб жаңалықтары

«Лейпциг» жолымен». Қайрат Боранбаев – «Қайраттың» жаңа бапкермен мақсаты, Академияның жас жұлдызы және Қазақстандағы футбол туралы

13 декабря 2018
/ 00:00

Vesti.kz порталының тілшісімен болған әңгіме барысында Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алматылық «Қайрат» және қазақстандық футбол туралы айтты.

Шпилевский туралы

«Неге Шпилевский? Себебі ол осы шақыруды қабыл алды, ол өте білімді маман» - деді Боранбаев.

Шпилевскиймен келісімшарт 2021 жылдың 30 маусымына дейін жасалды. Боранбаевтың айтуынша, беларусьтік бапкер көрсетілген нәтижеге қарамастан сол мерзімнің соңына дейін жұмыс істейді.

Өтйкені, «Қайрат» өз алдына мақсат қойды – чемпионатта жеңіске жету, бірақ клуб үшін ең бастысы – ойыншыларды капиталдандыру, яғни оларды сапалы түрде дамытып, кейіннен тиімді сату мүмкіндігі. Бұл мәселені шешу үшін Шпильевский шақырылды.

«Лейпциг» философиясы

«Қайрат» неге осы клубтың жолымен жүргісі келеді? Жауап қарапайым. «Лейпциг» қысқа мерзімде керемет нәтижелерге қол жеткізді. Клуб 2009 жылы ғана құрылып, өз жолын бесінші аймақтық лигадан бастады. Кейіннен жоғарыға көтеріле беріп, 2016 жылы өз тарихында алғаш рет Бундеслигаға жолдама алды. Өзінің дебюттік маусымында «Лейпциг» турнир кестесінде екінші орын еншілеп, 2017/2018 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды. Қазір Ральф Рангниктің командасы 14 турдан кейін төртінші орында келе жатыр.

Сонымен қатар, «Лейпциг» табысты өнер көрсетіп қана қоймай, өз ойыншыларын сату арқылы пайда көреді. Мысалы, 2016 жылы клуб австриялық «Ред Буллдан» 23 жастағы гвинеялық жартылай қорғаушы Наби Кейтаны 24 миллион еуроға сатып алып, осы жазда англиялық «Ливерпульге» 60 миллион еуроға сатып жіберді. Кейта 2014 жылы франциялық «Истра» клубынан «Ред Буллға» ауысқан кезде, оның трансферлік құны бір миллион еуроға ғана бағаланған еді. Басқаша айтқанда, бұл футболдың жақсы бизнес екенін жақсы дәлелдейді.

«Қайратқа» германиялық клубтың даму үлгісіне неге жақын екенін түсіну оңай, алматылық команда мемлекеттен бір тиын да алмайды, ал Академиялар үшін жылына үш миллион доллар кетеді.

Қазақстанда футбол бар ма?

Боранбаевтың пікірінше, жоқ. Оған қарсы болу өте қиын. Өйткені елде «Қайрат» базасы мен Академияларын есептемегенде футбол инфрақұрылымы жоқ. Ешкім де алматылық клубтың үлгісін ұстанғысы келмейді, олар мемлекеттің шексіз ақшасын екінші деңгейлі легионерлерді шақыруға жұмсағанды ұнатады, ал дұрыс менеджмен болса, инфрақұрылымға қаражат салуға болар еді. Бұл мәселе бойынша Қазақстан футбол федерациясына өз пікірін айтуға болар еді, бірақ неге екені белгісіз, клубтарға сондай нұсқау бермей отыр. Неге деп болжам ғана жасай аламыз.

Өзінің клубы мен, тұтастай алғанда, бүкіл ел футболын дамыту үшін көп нәрсе жасаған Боранбаевқа құрмет көрсетуге болады. Иә, клуб басшылығы бапкерлер, ойыншыларды таңдау кезінде қателесіп, маусымның соңында команда чемпиондықтан айырылып қалып жүр, бірақ ол – үйсіз емес! Іргетесі бар, сол арқылы болашақта спорттық нәтижелер мен қатар, клубтың пайда әкелуі бойынша алға үлкен мақсаттар қоюға болады. Сондай іргетас басқа клубтарда бар ма?

Академияның жаңа директоры

Қаңтардан бастап алматылық клубтың резервімен 61 жастағы неміс маманы Гейгер Вольфганг жұмыс істейді, ол бұған дейін «Лейпцигте» скаут болып қызмет атқарған. «Қайрат» оған үлкен сенім артып отыр.  

Академияның бұрынғы директоры Дмитрий Галяминге келер болсақ, 55 жастағы ресейлік маман үш жыл жұмыс істеген соң қызметін босатты. Оған себеп – «Қайрат U-19» командасының жасөспірімдер арасында Чемпиондар лигасындағы нашар нәтижесі, ұжым тек алтыншы орын алған болатын.

Айтпақшы, «Қайрат U-19» командасының Чемпиондар лигасындағы нашар нәтижесі клубтың осы жылдағы ең үлкен сәтсіздігі саналады. Клуб Қазақстан кубогын тек қазақстандық футболшылардың көмегімен жеңіп алғанына өте қуанышты. Тек өз тәрбиеленушілермен ойнау идеясы Боранбаевқа тиесілі, ал Карлос Алос оңтайлы құрамды пайдалануды талап етті. Көріп отырғанымыздай, клуб қожайыны қазақстандық футболшылардан қателескен жоқ. Боранбаевтың пікірінше, олар ҚПЛ-дың басқа клубтарымен матчта өздерін дәлелдеуге лайық және болашақта кубоктық ойындарды солай жалғастырады.

Ел кубогында жастарға иек артқан «Қайрат» басқа клубтарға сапасыз легионерді шақырудың керегі жоқ екенін, егер сенім артса олардың орнын өз футболшылары да баса алатынын дәлелдеді.

Одан бөлек, «Қайрат» өз тәрбиеленушілерімен мақтанатынын жасырмайды, әсіресе, 17 жасар Вячеслав Швыревпен, клуб оған сенім артып отыр. Өткен маусымда жалпы алғанда негізгі құрамда сегіз тәрбиенуші ойнады, бұл – премьер-лиганың басқа клубтарына өз резервімен жұмыс істеуге деген сигнал.

2019 жылға мақсат

«Қайраттың» мақсаты біреу – барлық турнирде жеңіске жету. Сондай-ақ, қандай да бір дивиденд алу үшін Еуропа лигасының топтық кезеңіне түсу де мақсат ретінде қойылған. Боранбаевтың пікірінше, клуб бюджеттік болмаған соң, бұл өте маңызды дерек.

«Қайрат» бақылау кеңесінің төрағасы ҚПЛ-дағы шетелдік ойыншылардың лимиті жетіден беске дейін қысқартылуы керек екеніне сенімді. Оның пікірінше, бұл қазақстандық футбол мен ұлттық құраманың мүддесі үшін жасалуы тиіс. Ол дайын кадрлар түріндегі дивидендтерді бірден алуға болмайтынын түсінеді. Бірақ бұл жағдайда ең бастысы – мақсат қою және ақырындап соған жақындау.

Акмаль Бахтияров жайында

Жазда «Қайраттың» түлегі клубтан өз еркімен кетіп, армениялық «Арцахқа» ауысқаны бәрімізге белгілі. Жаңа маусымнан бастап ол ҰФЛ-да ойнайтын ресейлік «Сочи» клубының намысын қорғайды. Бұл туралы Боранбаевтың пікірі мынадай: «Ол бізге әділетсіздік жасады. Акмаль – жақсы жігіт шығар. Егер бұл жағдайға егжей-тегжейлі қарайтын болсақ, ол дұрыс жасаған болар, өзіне жаңа мақсат қойды. Бірақ мен онымен сөйлестім, мен оған Исаэльден немесе негізгі командада оның позициясында ойнайтын басқа да ойыншылардан күштімін деп есептейсің бе сұрағанымда, Бахтияров жауап бере алмады. Феррер оны негізгі командаға алмағаны үшін ренжіді. Мүмкін, жігіттің басын айналдырған шығар. Біз оның қазақстандық Мхитарян болғанына қарсы емеспіз, бірақ біздің Академияда одан да күшті жігіттер бар, әйтесе де, біз оларды жаңа Месси немесе Мхитария деп атамаймыз, біз оларды өз тәрбиеленушілеріміз, Қазақстанның азаматтары деп санаймыз!».

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»