«Қайрат» ФК қорғаушысы Лев Кургин футболдан Қазақстан чемпионатының 18-ші туры аясында өткен «Тобылға» (2:3) қарсы матч туралы пікірін айтты.
- «Тобылмен» матчта алаңға алғашқы минуттан шығуға мүмкіндік алдық. Осы үшін бапкерлер штабына алғысымды айтамын. «Тобыл» секілді командаға қарсы матчтар қосымша жауапкершілік артады, бірақ жанкүйерлердің қолдауы әркез көмектеседі.
Жеңіліс көңілімізді түсіргені анық. Осындай ойында ұпай ала алмағанымыз өкініші. Әсерісе екінші таймда көрсеткен ойынымыздан соң. Қателіктен сабақ алып, жақсара түсу үшін тағы еңбектенеміз.