«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: Жеңісті шынайы жанкүйерлерімізге арнаймыз
Қайрат

Кирилл Кекер: Жеңісті шынайы жанкүйерлерімізге арнаймыз

31 октября 2022
/ 06:00
- Бірінші кезекте клубты, сосын бүгін бізді қолдауға келген жанкүйерлерді жеңіспен құттықтағым келеді. Кейінгі аптада жігіттермен өз алаңымызда өткен соңғы 3 матчта жеңіліс тапқанымыз туралы сөйлестік. Сондықтан стадионға келіп, бізге қолдауын білдіріп, уайымдаған шынайы жанкүйерлеріміздің алдында жеңіске жету өте маңызды болды. Бүгінгі жеңісті үйде жатып алып сынаушыларға емес, дәл осы жанкүйерлерімізге арнаймыз. 

Кирилл Кекер болашағы жайлы:

- Клуб жайлы көп әңгіме-қауесет бар. Бұған қоса ойдан шығарылған жалған ақпарат та тарады. Өкінішке қарай, бұқаралық ақпарат құралдары осындай ақпаратты «қолданып» жүр. Жақында Жоао Пауломен келісімшарт мерзімін ұзарттық. Бұл бізде бәрі жақсы екенін көрсетеді. Менің келісімшартым келесі жылдың соңына дейін жасалған, сондықтан жұмысымды жалғастырамын. Клуб бізде бәрі дұрыс екенін көрсету үшін тағы не істеу керегін білмеймін. 

Алматы жұрты бұрын болған Аршавин, Тимощук, Вагнер Лав секілді танымал футболшыларға үйреніп қалған болар. Бірақ қазір біздің нақты даму жоспарымыз бар. Мақсатымыз жас қазақстандық ойыншыларды дамыту. Академиядан шыққан балалар, Қазақстанның болашағы саналатын футболшыларымыз құрамда ойнап, тәжірибе жинап жатқаны қуантады. Қазір 5 ойыншымыз Қазақстан құрамасының сапына қосылады, ал болашақта әлі көп ойыншыларды көресіздер. Біздің нақты даму жоспарымыз бар және біз оны ұстанамыз.

Келесі маусымдағы құрам туралы: 

- Келер маусымда құрам қалай болатынын әлі білмеймін. Футбол командасы – түрлі процесстер мен өзгерістер болатын тірі ағза секілді. Бір топ футболшы кетіп, орнына басқалары келуі мүмкін. Сондықтан оны болжау мүмкін емес. Жалда жүрген футболшыларымыз бар. Ғалымжан Кенжебек пен Ален Айманов желтоқсан айында клуб сапына қосылады. Ал Байжан Мәделхан мен Никита Пивкин жазға дейін Ресейде ойнайды. 

Әліпке келер болсам, «Зенит» қандай шешім қабылдайтынын білмейміз. Келісімшартта сатып алу опциясы бар, егер оны қолданар болса «Зениттің» толыққанды ойыншысы атанады. Басқа жағдайда «Қайрат» шешім қабылдайды. Қыркүйек айында Мәскеуге барғанда кездескенбіз. Біраз әңгімелестік, бірақ не туралы екенін айта алмаймын. Ол ер-жігіт, өзі шешім қабылдайды. Тек ол жоғары деңгейде ойнағанын қалаймын. РПЛ-де қалып не еуропалық клубқа ауысса тамаша болар еді. 

Бауыржан Исламхан туралы:

- Бато - супер-ойыншы, ұзақ жылдар бойы команда капитаны болды. Матчтарға келіп тұрады. Бүгін ойыннан соң ішке кіріп, жігіттерді жеңіспен құттықтады. Болашағына қатысты шешімді өзі қабылдайды. Әрине, «Қайратқа» келгенін қалар едік. Бірақ қаржы тұрғысынан стратегиямыз бар. Кей сәтте мүмкіндігіміз жетпеуі мүмкін. Жақын арада қай командада ойнайтынын білеміз. Шатаспасам, 9 қарашадан бастап кәсіби командамен жаттығуға рұқсат етіледі. Десе де, қай жақта ойнаса да Исламхан біздің чемпионат үшін таптырмас ойыншы.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»