«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: Жеңіске жетіп, қақпамызды құрғақ ұстадық – бұл өте маңызды
Қайрат

Кирилл Кекер: Жеңіске жетіп, қақпамызды құрғақ ұстадық – бұл өте маңызды

23 октября 2022
/ 06:00
«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер футболдан Қазақстан чемпионатының 24-тур аясында өткен «Шахтерға» қарсы өткен матч (0:2) туралы пікірін білдірді.

- Клубымыздың барлық жанкүйерін құттықтаймын. Өз алаңымыздан гөрі, қонақта нәтиже көрсетеді екенбіз. Өкінішке қарай, үйімізде сапалы ойын көрсеткенімізбен ұпайымызды жоғалтып жүрміз. Кейінгі матчтың нәтижесінен сабақ алып, бүгін жеңіске жетіп, қақпамызды құрғақ ұстағанымыз үшін қуаныштымын. Бұл өте маңызды.

Салқын ауа-райына қарамастан стадионға келген жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлер тобына екі есе алғысымды айтамын. Бір айта кететін жайт, алаң қожайындарының фанаттар трибунасындағы болған жағдай. Рупордағы жігіт жанкүйер ойын бойы әр эпизодта айқайлап отырды. Командасын қолдау үшін айқайлаудың жөні бір бөлек, ал әр эпизодқа пікірін айтып, бағасын беру басқа нәрсе. Біздің футболда мұндайға орын жоқ.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»