«Қайрат» жастар командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Ақтөбе Ж» командасына қарсы матч нәтижесі жайында.
- Сәтсіз матч өткіздік. Өкінішке қарай, шабуылда көп нәрсе қолдан келмеді, қарапайым жағдайларда қателікке жиі жол бердік, соның кесірінен біздің қақпамызға қауіпті шабуылдар жасалды, ал өз шабуылдарымызды жоғары сапамен өткізе алмадық. Жеңіс үшін барған едік, бірақ сәтсіз болды, қарсыласқа құрмет көрсету керек.
- Енді Қостанайда «Тобылға» қарсы сырт алаңда матч өтеді. Кестенің тығыздығын ескерсек, команда қаншалықты дайын?
- Қаншалықты дайын екенін 14 қазанда көреміз, бірақ біз жарты жылдан бері осындай кестемен ойнап келеміз, біздің ойыншыларымызға сенеміз. «Тобылдың» ойынын сараптаймыз және өзіміз ойнай алатын футболды көрсетуге тырысамыз.