«Қайрат» ФК бас бапкері Қазақстан чемпионатының 20-туры аясында өткен «Ордабасыға» (1:2) қарсы матч туралы пікірін айтты.
- Стратегиялық тұрғыдан маңызды матчта жеңілдік. Жанкүйерлерден осы нәтиже үшін кешірім сұрағым келеді. Өз алаңымызда жеңілуге құқығымыз жоқ. Десе де, матч қызық өтті. Өкінішке қарай, мүмкіндіктерді пайдалана алмадық, ал соңында «Қайраттың» түлегінен гол жіберіп алдық. Бұл одан сайын ауыр соққы.
Даниланың жарақатына келер болсақ, қаншалықт ауыр екенін білмейміз. Қарсылас ойыншысымен соқтығысқан соң ауырсынды. Қажет тексерісті өткізу үшін алда уақытымыз бар.
Садыбековтың құрамаға шақырту алғанына өте қуаныштымыз. Қазақстан құрамасына көп ойыншымыз шақыртылса екен дейміз. Жалпы алғанда, «Қайрат» ФК жүйесінде әр жастың құрамасына көп ойыншымыз шақырылды. Құрама сапында ойындарға дайындығы жайлы айта алмаймын. Қарау керек. 3 ай бұрын Әділет қазіргі деңгейінде ойнауға дайын болған-болмағанын ешкім білмеді. Ұлттық құрамада да осы жағдай. Оның ойыны оған артылған сенімді ақтай алатын-алмайтынын көрсетеді.
Рафаэль Уразбахтин: «Менің арманым орындалды»
20 ноября 2024
/15:48