«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 10-туры аясында «Қайсарға» (0:3) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді:
– Ойыншылар алаңға болбыр шыққандай болды. Біз сіздің командаңызды танымадық. Ол немен байланысты?
– Әзірге не болғанын түсіндіре алмаймын. Ертең біз ойыншылармен сөйлеcіп, талқылаймыз. Мен әлі ештеңе айта алмаймын. Командада тұрақсыздық бар кезде осындай болады. Біз қазір тұрақсызбыз.
– Мүмкін бұл команданың соңғы үш матчты бір құраммен ойнағанының әсері шығар? Сонымен қатар «Қайсар» бір аптаға жуық демалды, ал біз бір аптада үш ойын өткіздік...
– Бұл әлсіздердің айтатын сылтауы. Бізде команда бар. Біз жаттығу жасаймыз. Әр ойынға шығып, ойнауымыз керек. Еуропа чемпионаттарына қарасаңыз, командалар осы режимде ойнайды. Олар сонда да дайын болады. Ең алдымен өзіміз кінәліміз. Басқа ешқандай фактор жоқ.
– «Қайсар» – чемпионаттағы ең ұзын ойыншылары бар команда десек болады және жалпы алғанда, әрқашан төмен түсіп, қорғанады. Осы қорғанысты қалай бұзып-жарсам болады және 0:3 есебімен жеңіліп жатқанда ойынға қалай ораламын деген ой болды ма?
– Түсінік болды, бірақ өзіміздің ойымызды іс жүзінде асыра алмадық. Мүмкіндіктеріміз болды, алайда біз оны пайдалана алмадық. Мүмкін бірінші болып соққанымызда ойын басқаша өрбитін еді. Бірақ ештеңе өзгермес.