«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Осындай қарсыласқа қарсы ойнап, өз деңгейімізді тексерген – жақсы»
Қайрат

Кирилл Кекер: «Осындай қарсыласқа қарсы ойнап, өз деңгейімізді тексерген – жақсы»

20 июля 2023
/ 06:00

«Қайраттың» бас бапкері «Пахтакормен» болған жолдастық кездесу туралы айтты (0:1):

– «Пахтакорды» жеңісімен құттықтаймыз! Стадионға келіп, күшті атмосфера жасаған жанкүйерлерге рақмет. Үш күннен кейін чемпионат матчына келіп, қолдау көрсетулеріңізді қалаймын.

– Жеңіліс, кез келген жағдайда, әрқашан жағымсыз. Дегенмен сіз бұл кездесуден қандай жақсы нәтижеге қол жеткіздіңіз?

– Бұл бақылау матчы. Біз үшін барлық ойыншыларға ойнауға мүмкіндік бергіміз келгені маңызды. Атап айтқанда, әрдайым бастапқы құрамға кіре бермейтіндерге мүмкіндік бердік. Кез келген ойыншы үшін ойын тәжірибесі өте маңызды. Біз дәл осы мақсатты көздедік. Бірінші таймда бізде «Оқжетпеске» қарсы ойнаған екі ойыншы ғана шықты.

– Соңғы ойындарда біздің орталық қорғаушы Офри Арад тіреуіш жартылай қорғаушы болып ойнады. Мұның себебі неде және оның осы позициядағы ойынын қалай бағалайсыз?

– Біз оның бұл позицияда ойнай алатынын білдік. Оның қалай әрекет ететінін көргіміз келді. Жалпы жақсы ойнап шықты. Бұл позицияда өнер көрсететін ойыншыларымыз көп. Жексенбіде кім ойнайтынын көреміз. Дима да, Антон да, Адик те осы позицияда ойнайды.

– Ақпанда болған Ташкенттегі ойынды және Алматыдағы осы ойынды салыстырыңызшы. Орталық Азия дербиі алдағы жылдары да бола ма?

– Біздің клубтар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Болашақта біз тұрақты түрде ойнаймыз деп ойлаймын. Біз үшін бұл чемпионатқа дейін де, қазір де жақсы спарринг-серіктес болды. Қалай дегенмен бұл Өзбекстан чемпионы, бұл командада Өзбекстан құрамасының ойыншылары көп. Осындай қарсыласқа қарсы ойнап, өз деңгейімізді тексерген – жақсы.

– Бұған дейін ақпан айындағы «Пахтакорға» қарсы ойын «Қайраттың» ең жақсы ойынының бірі болды деп айттыңыз. Бұл ойынға қандай баға берер едіңіз?

– Қазірше баға бере алмаймын. Біздің гол соға алатын мүмкіндіктеріміз біршама болды, бірақ сала алмадық. Менің ойымша, біз бірінші ойынға қарағанда көбірек мүмкіндік жасадық. Ташкентте біз үш гол соқсақ, ал қазір бірде-бір гол сала алмадық.

– Бұл матчта Ян Труфанов қандай тапсырма алды? Оның бірнеше рет өткір пас бергенін байқадық.

– Ян, Артур, Жо және Байжан үшін нұсқау бірдей болды. Олар бірдей позицияларда ойнады. Олар біздің жоспарымызды орындауға тырысты. Шабуылдаушы топтағы ойыншылардың өткір пас беріп, гол соққанын қалаймыз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»