«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Қолдан көп нәрсе келді»
Каталог Новостей

Кирилл Кекер: «Қолдан көп нәрсе келді»

09 октября 2018
/ 00:00

«Қайрат» жастар командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Атырау Ж» (7:1) командасына қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтты.

- Кирилл, «Атырауға» қарсы матч нәтижесі – 7:1. Команда ойынға қойылған нұсқауды тамаша орындады ма?

- Ойыншылар нұсқауды әрқашан орындауға тырысады, кейде қолдан келмей жататыны бөлек әңгіме. «Атырау Ж-ға» қарсы матчқа келетін болсақ, расымен де, шабуылда көп нәрсе қолдан келді. Бірақ, бәрібір, ойыншыларға айтылар шағымдар бар, сондықтан өте жақсы деп айтуға келмес.

- «Ақжайыққа» қарсы кездесуге қарағанда, команда дәл сонша гол соқты, бірақ аз гол жіберді. Оралдықтармен матч біткен соң, қорытынды жасалып, қателіктермен жұмыс істелді ме?

- «Ақжайықпен» кездесуде қорғаныста көптеген жекеленген қателіктер болды, сондықтан, көп гол жібердік. Әрине, біз әр матчқа дайындаламыз, қарсыластың мықты және осал тұстарын зерттейміз, бірақ, бірінші кезекте біз өз ойынымызды талдап, сараптаймыз. Жастар командаларында нәтиже әрдайым маңызды емес, ойыншыларды үйрету мен жетілдіру үрдісі жалғасуда. Біз ойыншылардың жан-жақты дамуына үлкен көңіл бөлеміз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»