«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер футболдан Қазақстан чемпионатының 18-ші туры аясында өткен «Тобылға» (2:3) матч туралы пікірін білдірді.
- Бүгін көрермендер үшін қызық матч өтті. Кейінгі кезде «Қайраттың» «Тобылмен» барлық матчы өте қызық өтіп жүр. Эмоционалдық тұрғыдан ауыр апта болды. Бірақ ештеңе қарамастан, сапалы екінші тайм өткізгеніміз үшін қуаныштымын. Жақсы әсер қалдырды. Міндетті түрде дамимыз. Жігіттерге уақыт қажет. Біреуге көп, біреуге аз уақыт қажет. Сол себепті керек емес қателіктерді жібереміз.
- Айбар Абдулланың ойынына қандай баға бересіз?
- Айбар – жас әрі болашағынан көп үміт күтетін шабуылшымыз. Ол біз сенім артатын клубтың дарынды шәкірттерінің бірі. Бүгін жақсы ойын көрсетті, оны алаңға тактикалық тұрғыдан шығардық. Бірнеше мүмкіндігі болды, бірақ, өкінішке қарай, соға алмады. Дегенмен әлі де еңбектеніп, гол соғатыны анық. Бүгін жақсы ойнады. Айбар мен Лев чемпионаттағы алғашқы матчтарын өткіздік. Біз жас ойыншыларға мүмкіндік беріп, оларды дамытамыз деп әркез айтып келеміз және сол сөзімізде тұрамыз.
- Үзілістен кейін команданың ойыны жақсы жаққа қарай өзгергенін байқадық. Аз ғана уақытта команданы қалайша өзгерте алдыңыз?
- Үзілісте Крачковскийді Абдулланың орнына шығарып, бір тактикалық алмастыру жасадық. Бұл Жоао Паулоның мықты тұстарын ашу үшін және ойынға жылдамдық қосу үшін болды. Жігіттермен сөйлесіп, бірінші таймда екі қателік жібергенімізді мойындадық. Өз алаңымызда болғандықтан лайық ойын көрсетуіміз керек екенін түсіндік. Біз әркез жеңіс үшін ойнап, «құлдырауға» құқығы жоқ «Қайрат» футбол клубының намысын қорғаймыз. Жігіттерге мінезін көрсетуін сұрадық, содан екінші таймда өзгерістер оң әсерін тигізгенін көрсетті.
- Устименконың қателігі – техникалық қателік пе? Әлде басқаша түсіндіруге бола ма?
- Әрине, бұл техникалық қателік. Бұл сәтті қарап, Данилмен және қақпашылар бапкерімен сөйлесеміз. Бірақ бұл техникалық эпизод. Иә, қателесті, өзіміздің ойыншыға тиіп, доп қарсыластың аяғына дөп түсті. Сәйкестіктер мен қателіктер тізбесі голға әкеліп соқты.
- Маусым соңында алғашқы төрттікке ену мүмкіндігін қалай бағалайсыз?
- Еңсемізді түсірмейміз. Мүмкіндігіміз бар да соңына дейін күресеміз. Әр ойында алаңға шығып, жеңіс үшін ойнаймыз. Өкінішке қарай, дәл қазір жағдай біз ойлағандай болмай келеді. Турнир кестесіндегі орнымыз – біз қалағандай емес. Біз жоғары орындар үшін күресеміз.
- Маки Баньяктың толыққанды алаңға оралғанын қашан көреміз?
- Маки жазылды. Жеке бағдарлама бойынша дайындалды. Жалпы топпен жаттығуды 30 тамызда өткізді. Оған бабына келу үшін уақыт керек. Бүгін команда тізімінде болды, алаңға шығуы да мүмкін еді. Маки - біздің сенім артатын мықты жауынгеріміздің бірі.