«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: «Жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді»
Қайрат

Кирилл Кекер: «Жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді»

21 апреля 2024
/ 18:02
«Қайрат» бас бапкері матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Ақтөбеден» жеңілгені жайлы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді:
– Трибунаға келген жанкүйерлерге үлкен алғыс айтамын. Бұл Қазақстан футболының дамып жатқанының белгісі. Сонымен қатар жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді. Жеңбесек, демек бірдеңе қате нәрсе істеп жатырмыз деген сөз. Бұл жеңіліс үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын.
– Жоао Паулоға қарсы тағайындалмаған пенальти жайлы түсініктеме айтсаңыз.
– Сол сәтті солай бағалаған төреші бар. Қарап, жауабын айтатын құзырлы органдар бар. Бірақ олар ештеңе демейтін де шығар...
– 0:1 есебі «Ақтөбеге» мықты жақтарын көрсетуге мүмкіндік берді деп айта аласыз ба?
– Олардың өте жақсы шабуылшылары бар екені анық. Оларға «екінші» нөмір ретінде ойнап, жылдам шабуыл жасау ыңғайлы. Жеңіліп жатқан кезде есепті теңестіруіміз керек болды. Алға көп адам шыққандықтан, бос аймақ қалып қалып жатты. Біз жіберіп алған голдар өз қателерімізден болды. Бұл ойында кім аз қателесіп, бар мүмкіндіктерді жақсырақ пайдаланса, сол жеңімпаз болады. Біз көп қате жіберіп, бар мүмкіндіктерді қолдана алмадық.
– «Ақтөбе» сапында легионерлер мен Қазақстан құрамасының ойыншылары бар, ал сіздің құрамыңызда талантты жастар бар. Айырмашылық бар деп айтуға бола ма?
– Клубымыздың стратегиясы бар. Біз оны ұстанамыз. Қосалқыдан шыққан жігіттердің есеп теңестіреміз деген үлкен ниеті болды. Тырысып жатты. Еркебұлан нәтижелі пас беріп, Слава гол соқты. Негізінен, екі ойыншы қосалқыдан шыққан.
– Азия Кубогына шақырылғандықтан, Иброхимхалил Юлдошев командаға көмектесе алмады. Оның жоқтығы әсер етті деп айта аласыз ба?
– Командамызда 25 ойыншы бар. Қандай да бір себептермен ойынға қатыса алмайтын әр ойыншының жоқтығы әсер етеді. Мен барлық ойыншының қолжетімді болғанын қалаймын. Лёва нашар ойнады деп ойламаймын. Мүмкін оған ойын тонусы жеткіліксіз болған шығар. Ойыншыларға шағымым жоқ, өзіме шағымданамын.
– Стандарт орындағанымыздан кейін «Ақтөбе» қарсы шабуылға көп ойыншымен шығып жатты, ал арт жақта қорғап тұратын адам жетіспеді. Неге бұлай болды?
– Біз әрқашан осылай әрекет етеміз. Алайда гол соға алмай жатсақ, біз қолданатын механизм мен әрекеттер бар. Өкінішке қарай, біз мұны жүзеге асыра алмадық. Барлық стандартымызды талдасақ, бұған дейін жақсы жұмыс жасайтынбыз.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»