«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: Футболшыларға ойынға деген көзқарасы үшін алғысымды айтамын
Қайрат

Кирилл Кекер: Футболшыларға ойынға деген көзқарасы үшін алғысымды айтамын

14 августа 2022
/ 06:00
«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер «Атырауға» (3:0) қарсы өткен Қазақстан Кубогы 2022 топтық кезеңінің қорытынды матчы туралы пікірін айтты.

– Биыл «Атыраумен» екі мәрте кездестік. Екі матчтың да басында біз алаңда аз қалдық. Осы жолы 11-ге 11 ойнағанымыз қуантады. Бұл бірінші жақсы тұсы. Екіншісі, көктемде осы жерде 0:3 есебімен жеңілген едік, ал қазір кеткен есемізді аз да болсын қайтардық. Футболшыларға ойынға деген көзқарасы үшін алғысымды айтамын. Бұл ойынның турнир кестесінде ешқандай маңызы жоқ еді. Жанкүйерлер келіп, қолдау көрсеткендіктен жеңіске жету арқылы рахметімізді айттық. 

– Көп футболшылар пенальтиді Данил Устименко тепкенін қалады. Бірақ соққыны Вячеслав Швырев жасады. Өзіңіз Устименко тепкенін қаладыңыз ба?

– Былай айтайын, жоспар бойынша алғашқы таймда Сейдахмет, екінші таймда Алыкулов тебуі қажет еді. Дегенмен соққыны Слава жасасын деп ойыншылар шешті. Ешқандай проблема жоқ. Ол үшін өте маңызды гол. Бірнеше мүмкіндігі болды, мықты ойын өрнегін көрсетті. Шабуылшы сенімді болу үшін гол соғуы маңызды. Кім тепкені маңызды емес. Бір жағынан, менің тапсырмамды орындамады. Жеңімпаздарды сынаудың қажеті жоқ шығар, бәлкім. Дегенмен алдағы уақытта бұған көңіл бөлеміз. Жоспар бойынша көрсетілген ойыншы 11-метрлік айыпдобын орындайды. 

– Соңғы минуттарда Устименко қарсыластың айып алаңына жүгіріп келіп, пенальтиді алды. Бұл алдын ала ойластырылған жоспар ма, әлде өздігінен шешті ме?

– Егер мен бас бапкер болған «Қайрат-Мәскеу» матчтарын көрсеңіз, қақпашы гол соғуы керек деп мақсат болған. Дінмұхаммед Жомарт нәтижелі пас берсе, Никита Пивкин алаңға ойыншы ретінде шықты. Бұл біздің жаңашылдық, оны ары қарай да жалғастырамыз. Менің жұмысымды көрмегендер үшін бұл жаңашылдық болуы мүмкін. Дегенмен жоспарланған, қалыпты жағдай екенін айтқым келеді. Мұндай сәтте қақпашылар бапкері шешім қабылдайды, өйткені мен кейде жағдайды дұрыс бағалай алмауым мүмкін. Болашақта есеп мүмкіндік беріп тұрса, әлі де қайталаймыз. Неге қақпашы десеңіз, стандартты жағдайларда дәл осы қақпашы қарсылас ойыншылары мен қақпашысының әлсіз тұстарын біледі. Бұл маңызды. Сондықтан қарсыластың әлсіз тұсына барады. Бұған қоса қақпашылар бойшаң болғандықтан баспен де соққы жасай алады. 

– Кейінгі ойындарда Хосе Канте неге көрінбей кетті?

– Қазір ол командамен бірге емес. Ол бізде ойнауды жалғастыра ма, жоқ па, клубтың ресми ақпаратын күтіңіздер

– Маки Баньяктың жоқтығы жарақатымен байланысты ма?

– Ол «Атырауға» (3:2) қарсы сырт алаңдағы ойында жарақат алды. Үзілісте алмасты. Бірінші таймның соңында ақсандап жүрді. Одан кейінгі ойындарда алаңға шығып жүрген, алайда «Кишвардаға» қарсы матчта өзін жайсыз сезінді. Бас бармақ сүйегі шытынап кеткен. Бүгін тексерістен өтті. Жақын уақытта жалпы топтағы жаттығуға оралады. 

– Жазда команда қосылған жаңа ойыншылардың арасынан тек Рустам Эмиров алаңға шықпады. Оның тізімге қосылмауының себебі неде?

– Иә, ол маңызды ойыншы. «Қайрат-Мәскеуде» капитан болды. Өкінішке қарай, жарақат алып қалды. Бүгін жеке дара жаттығу жасады. Қайта қалпына келуге екі апта уақыт қажет. Әйтпегенде ол алаңға шығып, өзіне тиесілі ойын уақытын алады. 

– Алда Кубоктың ширек финалы және чемпионат ойындары бар. Тізімге Бірінші лигадан Мирас Көбеев, Александр Мрынский секілді ойыншылар қосылы ма?

– Біз әр жаттығуда «Қайрат-Жастардан» бір топ ойыншыны қосамыз. Қажет болған жағдайда оларға да ойын уақытын береміз.

– Бірінші лигада өнерімен «Қайрат-Жастар» қорғаушысы Әмірали Оразбек жанкүйерлерді тамсандырып жүр. Ол негізгі құрамның тізіміне бір мәрте қосылғанымен әлі алаңға шықпады. Жақын уақытта оған да мүмкіндік бересіздер ме?

– Ол кейінгі үш күнде бізбен бірге жаттықты. Қазір бізде төрт бірдей орталық қорғаушы бар – Виктор Васин, Маки Баньяк, Дамир Қасабулат және Александр Широбоков. Оған да мүмкіндік береміз. Бірақ қашан екенін айта алмаймын.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»