– Ойынға қатысты түсініктеме жоқ. Есеп 2:1. Басқа айтар ештеңе жоқ.
– Мен бұл сұраққа «Астанамен» өткен ойыннан кейін жауап бердім. Сол матчта біздің шабуылшылар таңдауымыз Жоао Пауло мен Вячеслав Швыревқа түсті. Капитандық белгіге келетін болсақ, Артур Васин, Устименко және Жоао Пауломен қатар команданың вице-капитандарының бірі.
– Жоқ. Өткен ойында біз бұл схеманың екі орталық қорғаушысы бар командаға қарсы қалай жұмыс істейтінін көрдік, ал бүгін біз үш орталық қорғаушысы бар командаға қарсы қалай жұмыс істейтінін көрдік. «Астанаға» қарсы ойыннан кейін әуежайға келіп, ауа райы ұшуға қолайсыз болғандықтан сонда қондық. Жаттығатын көп уақытымыз болмады. Сондықтан үлкен өзгерістер жасамауды шештік. Біз ротация жасап, барлық ойыншыларға өзін көрсетуге мүмкіндік бердік.
– Айтатын нәрсемді киім ауыстыратын бөлмеде айттым. Ойын туралы алып-қосарым жоқ.
– Көңілім толмады дегенім бергі жағы...
– Күшейтуді қажет ететін позицияға сапалы ойыншы алып жатқанымызды білдік. Көріп отырғаныңыздай, біз оған ойнауға уақыт береміз. Оған құнды ойыншы екенін көрсетіп жатырмыз. Одан біздің не күтетінімізді толық түсіну үшін уақыт керек. Оны екі ойын қатарынан гол соққанына орай құттықтаймыз. Бұл – тамаша нәтиже.
– Менің ойымша, тәртібіне байланысты. Ол төрешіні дұрыс түсінбеді, ал төреші оны дұрыс түсінбеді.