«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Кекер: Бүгінгі жеңіс біздің ішкі түйсігіміз және тұрақтылығымыз үшін өте маңызды
Қайрат

Кирилл Кекер: Бүгінгі жеңіс біздің ішкі түйсігіміз және тұрақтылығымыз үшін өте маңызды

08 августа 2022
/ 06:00

«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің 5-ші турында «Ордабасыға» қарсы өткен ойын жайлы өз пікірін білдірді (3:1).

Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Бүгін стадионда тамаша атмосфера болды және екі командада жасыл алаңда тамаша өнер көрсетті деп ойлаймын. Біздің ойынымыз туралы айтар болсам, біз алға жылжып, біздің стильді және ойын мәнерімізді дамытқымыз келеді.

Кубоктың ойын жүйесіне үңілсек, топтың жеңімпаздары ширек финалдық ойынды өз алаңында ойнайды, сондықтан бізге топтан бірінші орынмен шығу өте маңызды. Біріншілікте 11 ойын қалды, 7 ойынды сырт алаңда өткіземіз, сол себепті «Орталық» алаңда жанкүйерлеріміздің алдында өнер көрсететін тағы бір мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Жақсы жетістікке жеткісі келетін ұжым, сырт алаңда да жеңіске жетіп үйренуі қажет.\

Келесі «Атырауға» қарсы ойынға дейін 5 күн қалды, құрам таңдау кезінде ойыншыларымыздың дайындығына қараймыз. Әр ойында жеңіске жеткіміз келеді!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»