«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/8 финалындағы «Ақжайыққа» (0:0) қарсы қарымта ойынына қатысты пікір білдірді:
– Айтатын көп нәрсе жоқ. Бүгінгі матчқа екі мақсат қойдық. Біріншісі, келесі кезеңге өту, екіншісі, ешкім жарақат алмас үшін мына керемет алаңда ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Негізінде біз екеуін де орындадық.
– Қайраттың бұл турнирдегі мүмкіндігін қалай бағалайсыз?
– Қазір «Атырауға» түстік. Мүмкіндік әрқашан 50/50 болады. «Атырау» да біз сияқты жеңіске жеткісі келеді деп ойлаймын. Кубок ойындары әрқашан тартысқа толы өтеді. Мықты команда әрқашан келесі кезеңге өтеді деген сөз емес.