Бүгін Changan дилерлік автоорталығында «Қайрат» Академиясы ойыншыларының қатысуымен QJ League Cyber Cup кибертурнирінің іріктеу кезеңі өтті.
EA FC 25 ойыны бойынша өткен жарыста «Қайрат» U-16 командасының ойыншысы Нұрхад Нурымов жеңімпаз атанды.
Енді Нұрхад 14-15 маусым күндері Астана қаласында өтетін турнирдің негізгі кезеңінде басқа клубтардың ойыншыларымен бақ сынайды.
Жеңісің құтты болсын, Нұрхад! Алдағы кезеңде сәттілік тілейміз!