«Қайраттың» бас бапкері «Ақжайыққа» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірімен бөлісті.
- Команданы жеңіспен құттықтағым келеді. Бүгінгі ойынның оңай болмайтынын білдік. «Ақжайықтың» өз алаңында жақсы ойнайтынынан хабарымыз бар және мұнда турнир кестесінің жоғары жағында келе жатқан командаларды жеңген. Біз бұл матчқа үлкен құрметпен қарадық.
Ойын біз жоспарлағандай болды. «Ақжайық» өз қақпасына тым жақын ойнады. Сондай-ақ, допты жоғалтып алғаннан кейінгі мақсатымыз бірден қысым жасау болды. Осылайша қарсыласқа қарымта шабуылдар жасатпауға тырыстық. Біз үшін қарсыластан бірінші болып гол соғу маңызды болды. Біз 87 минутты жақсы өткіздік деп санаймын, бірақ матчтың соңына таман қиындыққа тап болғанымыз көңілімнен шықпады. Мұндай болмауы тиіс еді, бұл минуттар біз үшін тыныш өтуі қажет болатын. Өз қателігіміздің кесірінен гол жіберіп алдыұ. Алайда, үш ұпай алғанымызға көңіліміз толады және енді «Астанаға» қарсы келесі матч туралы ойлймыз.