Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы, 2022 жылғы Қазақстан біріншілігінің 6-турының үздіктер құрамын жариялады.
«Қайрат» ФК-ның сапынан екі ойыншы үздіктер құрамына енді:
Рикарду Алвеш
«Тобылға» қарсы ойында капитандық міндетті атқарып шыққан Рикарду Алвеш, нәтижелі пасымен көзге түсті және өте жақсы ойын көрсетті. Португалдық ойыншы айып алаңына 8 пас асырған, 3 рет қарсыласты алдап өтіп, 10 мәрте допты тартып алған. Нәтижелі әрекет индексі – 254.
Хосе Канте
Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені Хосе Канте «Тобыл» қақпасына, осы маусымдағы өзінің 5 голын соқты. Сонымен қатар, шабуылшымыз шабуыл кезіндегі нәтижелі әрекет көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, 14 мәрте қостанайлықтардан допты тартып алған. Нәтижелі әрекет индексі – 229.