Бірінші лиганың 7-туры аясында «Қайрат» жастары «Каспий» клцбын қабылдады. Турнирлік кестеде алматылықтар екнші болып жайғасса, ақтаулықтар – үшінші. Рифат Нұрмұгамет, Еркебұлан Тұңғышбаев, Сұлтанбек Астанов пен Александр Соколенко негізгі құраммен алаңға шықты.
Бірінші таймның 10 минуты «сары-қаралардың» басым шабуылымен өтті. Александр Арафьевтың шәкірттері кездесудің 13-минутында есеп ашты. «Каспий» ойыншылары өз айып алаңында ойын тәртібін бұзды. Адам Адахаджиев осындай сәтті пайдала отырып, Нұрлыбек Аязбаевтың қақпасын соқты. Голкипер допты қайтарғанымен, Ұлан Өтешов дәл көздей білді - 1:0.
Қонақтар өткізіп алған голға қапалы болды. Екі ай бұрын ел Кубогының 1/8 финалы аясында да «Қайратты» қабылдаған «Каспий» дәл осындай күй кешкен болатын. Ол кезде де алматылықтар бірінші болып гол соқты. Өткізіп алған голдан кейін ақтаулықтар алға ұмтылды. 24-минутта Қуандық Нұрсұлтанов есепті теңестіре алды. Данил Устименко Бірінші лига асяындағы матчтарда 268 минут бойы қақпасына гол салғызбаған болатын.
Екінші таймда да алаң иелері тағы бір гол соғуға тырысты. Кездесудің 75-минутында Бақдаулет Жүзбай Тұңғышбаевқа әдемі пас шығарды. Алайда Тұңғышбаевқа дәлдік жетіспеді.
Қайраттықтар финалдық ысқырыққа дейін жанын беріп ойнады. Қонақтар да Устименко қақпасын торуылдаумен болды. Тартысты кездесуде екі команда тең - 1:1. Командалар сәйкесінше екінші және үшінші орынға жайғасқан.
Александр Арефьев, «Қайрат-Жастар» бас бапкері: «Біз лайықты ойын деңгейін көрсеттік. Бүгін жас футболшыларымыздың дамуына ықпалын тигізген әдемі ойын болды. Олар кез келген қарсыласқа қарсы тұруға болатындарын және гол соға алатындарын түсінді. Кезедсу тартысты өтті. Екі команда да жеңіске жетуге барынша ұмтылып бақты. «Каспий» сапында Премьер-лигада ойнаған тәжіребиелі футболшылар бар, сондықтан біздің команданы мұндай қарсыласпен көру қызық болды. Жігіттеріміз жеңілмеді, лайықты ойын көрсетті. Ойын нәтижесіне көңіліміз толады. Матч әділетті өтті. Бізде гол соғатын мүмкіндіктер көп болды, алайда қарсыластар да жеңіске жеткісі келді».