Бесағаштағы клубтың спорттық базасында «Қайрат» Академиясының U18, U17 және U16 командалары футболшылардың шыдамдылығын бағалаудың негізгі әдістерінің бірі – Vameval тестінен өтті.
Бұл тест әр ойыншының максималды аэробты жылдамдығын (VMA) анықтауға көмектеседі, бұл бапкерлерге жүктемені оңтайландыруға және жеке дайындық бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұл үш жас ерекшелік тобы жаңа маусымда QJ League-де «Қайраттың» намысын қорғайтын болады.