Исаэль Барбоза жанкүйерлермен, қаламен және клубпен қоштасты.
–«Қайратта» өткізген бес жылымнан кейін қоштасатын сәт те жетті. Осындай өте ерекше жейдені кигеніме қуаныштымын. Әр матчта, әр жаттығуда бар күшімді салдым деген сезіммен клубтан кетіп барамын. Жалпы есептегенде, мен 170-тен астам ойынға қатыстым, 38 гол гол соғып, көптеген нәтижелі пас бердім. «Қайрат» сапында өте көп матч өткізген шетелдік ойыншы атану мен үшін үлкен құрмет, мен клуб тарихына өз есімімді жазып кеттім деп санаймын. Команданы, қаланы, фанаттарды сағынышпен еске аламын. Рақмет, «Қайрат». Сіздермен тағы да кездесемін деп үміттенемін.