«Қайрат» ФК оқу-жаттығу базасында сары-қаралар мен талдықорғандық «Жетісу Б» арасында жолдастық матч өтті.
Кездесуде есепті қайраттықтар ашты. Бірінші болып Ермек Қуантаев гол соқты. Ал екінші голды Бауыржан Исламхан қанжығасына байлады. Самат Сәрсенов болса, талдықорғандықтар қақпасына үшінші голды соқты. Кездесудің нүктесін Александр Соколенко қойды – 4:0!
Матч заманауи жылыту жүйесімен жасақталған, халықаралық категорияларға сай, барлық ауа-райына жарамды футбол алаңында өтті.