УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы 6 тамыз күні сағат 20:00-де өтеді.
Көрермендерді матч басталғанға дейін 2–3 сағат бұрын келуді сұраймыз. Осылайша, стадионға кіргенде ұзын-сонар кезекке ілінбей, еркін өте аласыз.
Үш гейт арқылы кіруге болады — Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі және Байтұрсынов көшесі жағынан.
Сағат 17:00-де Орталық стадион аумағында жанкүйерлерге арналған матч алды бағдарлама басталады. Бағдарламада мыналар болады:
• клуб серіктестері ұсынған интерактивті аймақтар
• күшті барабаншылар шоуы
• жанкүйерлерге арналған тегін аквагрим
• фудкорттардағы дәмді тағамдар мен сусындар
• трибунада клуб жалаушаларын тарату
Біз бұны бірге жасадық. Тағы да қайталай аламыз. Трибунадағы қолдау — біздің күшіміз. Соңғы минутқа дейін тек алға!