Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы, футболдан 2022 жылғы маусымның 1-ші турының символикалық құрамын жариялады.
«Қайрат» футбол клубының сапынан, символикалық құрамға - Хосе Канте және Жоао Пауло қосылды.
Хосе Канте «Ақтөбеге» қарсы кездесуде ойын тағдырын шешіп кеткен болатын, қосалқы құрамнан екінші таймда алаңға шығып екі гол соқты.
Жоао 1-ші турда қарсылас қақпасына ең көп соққы жасаған ойыншы болды, «Ақтөбе» қақпасына 7 соққы бағыттаған.
Дәл осы соққыларының арқасында «сары-қаралар» жеңіске жетті десек артық етпес.
Паулоға қарсы ойын тәртібі бұзылып, команда пенальти тебуге мүмкіндік алды, артынша тағы да қақпаға соққы жасады, қақпаның жақтауынан кері серпілген допты Канте қақпаға тоғытқан болатын.