22 жасар «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гулжигит Алыкулов Қырғызстан құрамасының Үндістандағы оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Қырғызстан ұлттық құрамасы 16 мен 20 наурыз аралығында Калькуттада өтетін Tri-Nation International Football Tournament халықаралық жарысына қатысады. Оқу-жаттығу жиыны барысында Алыкуловтың командасы Үндістан және Мьянма құрамаларына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.