Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков – 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі жайында.
- Жеребе жолдас болды деп санаймын. Әрине, Бельгия құрамасымен ойын өте қиын, алайда қызықты болмақ. Қалған командалардың барлығынан ұпай алуға болады. Іріктеу турнирінің ойындарына дайынбыз.
- Бельгия және Ресей құрамаларымен ойнаймыз. Қандай әсердесіз?
- Бельгияда 20 жылдан бері тұрып жатырмын. Сол себепті бұл елдің құрамасына қарсы тұру мен үшін қуанышты сәт. Мені ол жақта жақсы таниды. Достарым да көп. Өз мансабымның Қазақстанда жақсы жалғасын тапқанын дәлелдеуге тырысамын. Менің әкем – Ресей азаматы. Алайда, алдағы ойындарда ол Қазақстан құрамасына жанкүйер болады.
- Қазақстан құрамасының топтағы мүмкіндігі қандай?
- Әр құраманың әрқашан мүмкіндігі бар. Солардың бірі - Қазақстан!
Дереккөз: ҚФФ