«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Галымжан Кенжебек: «Оралдағы ойын өте қиын болмақ»
Қайрат

Галымжан Кенжебек: «Оралдағы ойын өте қиын болмақ»

20 апреля 2023
/ 06:00

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Галымжан Кенжебек клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы «Ақжайыққа» (2:1) қарсы өткен бірінші ойынға қатысты пікір білдірді.

– Галымжан, жеңіс құтты болсын! Ойын туралы айтып кетсең.

– Көп рақмет. Ойын жақсы өтті. Ұтқанымызға қуаныштымыз. Қарымта матчқа жақсылап дайындаламыз.

– Алаңға шығар алдында бапкерлер штабынан қандай нұсқау алдың?

– Командамыз ұтылып жатқанда шықтым, шабуылды күшейту керек болды. Алаңға шыққанымда жігіттер бірден 2 гол салды. Сол кезде ойын біздің қолымызда екенін сездім.

– Кирилл Сергеевич саған кеңес айтып тұрды ма? Нақты не айтты?

– Бапкер доппен жақсы ойнай алатынымды біледі, сондықтан маған допсыз жүгір деген нұсқау берді.

– Оралдағы қарымта ойыннан не күтесің?

– Оралдағы ойын өте қиын болмақ. Оған дайын болу керекпіз. Ұтамыз деген сенімдемін. Жанкүйерлерімізге көп рақмет, алдағы «Ордабасыға» қарсы ойынға шақырамын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»