«Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов 3-тур аясында «Таразға» қарсы өткен матч туралы өз пікірін білдірді.
- Гүлжігіт, бұл жолы сен басқа позицияда, яғни сол қанаттағы қорғаушы болып ойнадың, өзіңді қалай сезіндің, қолайсыздық туғызбадыма?
- Алаңның қай бөлігінде ойнайтыныңды бапкер шешеді, біз сол позицияда ойнаймыз. Бұл ойынға осындай тактика болды, өкінішке орай, жеңіске жете алмадық. Мен расымен бұл позицияда бірінші рет ойнап тұрмын, гол жіберіп алған кезде де менің қателігімнен болды. Мен үлгермедім, ал қарсылас алыстан, күтпеген жерден, айып алаңына еніп кетті.
- Команданың дамуы жайлы айта отырсаң, қай жағынан команда әлі де дамуы тиіс?
- Біз қазір әрдайым прессинг жасау жағын дамытып жатырмыз. Әр ойын сайын біз мықты бола түсеміз, деп ойлаймын.