«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Гүлжігіт Алықұлов: Біз соңына дейін шайқастық
Қайрат

Гүлжігіт Алықұлов: Біз соңына дейін шайқастық

09 августа 2022
/ 06:00

«Қайрат» ФК шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов «Ордабасыны» жеңгеннен алған әсерлерімен бөлісті (3:1).

- Бірінші кезекте барлық жанкүйерлерімізді жеңісімізбен және бірінші орыннан топтан шығуымызбен құттықтағым келеді. «Ордабасы» - жоғары деңгейдегі ойыншылары бар өте жақсы және мықты команда. Қарсыласымыз қақпаны алуға мүмкіндіктер туғызды және топтан шығу міндетін жеңілдету үшін жеңіске жетуді қалады. Бірақ біз соңына дейін шайқастық, біз де жеңгіміз келді және соған жеттік.

Жаттықтырушының бізге қанша ойын уақытын беретіні маңызды емес. Толық матч, 10, 15, 20 минут, бұл маңызды емес. Ең бастысы - алаңға шығып, команданың алға қойған мақсаттарына жетуіне көмектесу.

- Гол соққаныңызбен құттықтаймыз! Тағы да «Паненкамен» тепкіңіз келмеді ме?

- Жоқ, Мен бұл туралы тіпті ойламадым. Қақпашы соққының бағытын білді, бірақ оны тойтарыс бере алмағаны және доптың торға түскені жақсы болды. Келесі жолы мен сенімдірек тебуге тырысамын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»