«Қайрат» негізгі командасының физиотерапевттері Фелипе Мейра мен Диого Лейте клуб Академиясында бірнеше апта бойы медициналық қызметкерлерге лекциялар өткізді. Фелипе Мейра семинардың қалай өткенін клубтың ресми сайтына айтып берді.
- Бірінші кезекте, осы жұмысты дамыту жолында бізге сенім білдіргені үшін клуб президенті мен басқарушы құрамға алғысымды білдіргім келеді. Біз оңалту үрдісінде тұрған клубтың барлық мамандарымен 9 апталық кездесу өткіздік. Әр кездесуде спорттық медицинадағы негізгі тақырыптарды қарастырып, әрбір тақырып бойынша ғылыми көзқарас тұрғысынан неғұрлым маңызды дегендері жайында сөйлестік.
- Бұл семинарда қандай тақырыптар талқыланды?
- Біз мынадай мәселелерді қарастырдық: медициналық штаб пен бапкерлердің жақсы ішкі байланысы; Интернет-платформаларда ғылыми жаңалықтарды қалай іздеу керек; ойын алаңына шұғыл көмек көрсету; Ойын күні киім ауыстыратын бөлмеде қажетті көмек көрсету; футболға қатысатын негізгі буындарға арналған ортопедиялық тесттер; футболда қалыпқа келу үрдісі және басқа да маңызды тақырыптар.
- Сіз ұзақ уақыт бойы мадридтік «Реалдың» Академиясында тәлім алдыңыз, өз білімізді медициналық корпустағы әріптестеріңізбен бөлістіңіз бе?
- Мен клубтағы мамандарға тек Мадридте оқығандарымды ғана емес, сонымен қатар, өзімнің мансабым мен академиялық қызметтерім кезінде алған барлық білімдерім туралы айтып бергім келді. Ең бастысы, спорттық медицина бұл құрметпен қарауды талап ететін ғылым екенін көрсету болды. Қазір мен он жыл бұрын жасаған нәрсені қайта істей алмаймын. Спорттық медицина, сондай-ақ, физиотерапия үнемі өзгеріп отырады, сол үшін сізге де дами беру керек, әйтпесе, артта қаламыз.
Мысалы, бүгінгі таңда емдеу кезіндегі тәсілдерім 2014 жылы Қазақстанға келгендегі амалдарымнан бөлек. Менің әріптесім Диогамен бірге біз табысқа жетіп, бұл мамандарға клубтың ойыншыларына ең жақсы медициналық қызмет көрсетуге көмектеседі деп үміттенемін.