«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Фаншоптағы акция
Қайрат

Фаншоптағы акция

25 февраля 2019
/ 00:00

ҚР Суперкубогының матчы алдында «Қайрат» ФК ресми дүкенінде Александр Соколенконың қатысуымен акция өтті.

Негізгі құрам футболшысы фаншопқа келгендерге клуб атрибутикасын сатып алуға, жейделерге есімдері мен нөмірлерін жаздыруға көмектесіп, қолтаңба берді, сондай-ақ, Халық командасының жанкүйерлерімен естелікке суретке түсті.

Дүкен қонақтары «сары-қаралардың» ойыншысымен қуана сөйлесіп, оған және бүкіл командаға Суперкубок матчында сәттілік тіледі!

«Қайрат» ФК-ның қайталанбас атрибутикасы мен клубтық киімдері сіздерді ресми дүкенде күтеді, мекен-жайы Абай даңғылы 48, Орталық стадионның алдында орналасқан. Дүкеннің жұмыс режимі: 10:00-ден 20:00-ге дейін.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»