«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Фан-шоп сіздерді күтеді!
Клуб жаңалықтары

Фан-шоп сіздерді күтеді!

08 марта 2018
/ 00:00

«Қайрат» ФК ресми дүкенінде жаңартылған экипировкалар сатылымы басталды.

Бүгін «Қайраттың» ресми дүкенінде таныстырылым өтіп, оған команданың бас бапкері Карлос Алос, команда капитаны Бауыржан Исламхан мен Андрей Аршавин қонақ болды. Футболшылар мен бапкер фан-шопқа келгендерге қажетті тауарды таңдауға және сүйікті ойыншыларын жейдеге жаздыруға көмектесті, сонымен қатар, Халық командасының жанкүйерлерімен естелікке суретке түсті.

Дүкен қонақтары алматылық команданың көшбасшыларының қолынан жаңа атрибутикасын қуана алды. Таныстырылым біткен соң дүкен қызметкерлері мен футболшылар ортақ суретке түсті. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»