«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Евгений Антонов:«Бізде «Қайраттағыдай» ротация жоқ»
Қайрат

Евгений Антонов:«Бізде «Қайраттағыдай» ротация жоқ»

21 июля 2019
/ 11:00

«Тобыл» командасының бас бапкерінің м.а. Евгений Антонов ойыннан кейінгі пресс-конференцияда, «Қайраттың» ойыны жайлы өз пікірін білдіріп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

-Есеп-әрине, қанағаттандырмайды. Бірақ, айта кету керек ойыншылар тырысып-бақты. Өзімізге және жанкүйерлерге, өткен матчтың қателік болғанын дәлелдегіміз келді. Бірақ есеп өзгермейді.

-Бірінші таймда команда екінші таймға қарағанда өзін жақсы көрсетті.

-Бұл түсінікті. Бүгін қиын ауа райы болды. Желге қарай бір тайм, желге қарсы бір тайм. Ауа райы өз әсерін тигізді.

-Ауа райыға ғана байланысты емес қой, команда матчқа дайын емес көрінді. Футболисттерге не болды?

-Бізде «Қайраттағыдай» ротация жоқ. «Қайраттың» соңғы ойындарда қалай ойнағанын қараңыздар. Жеті адамнан ауысты. Алдыңғы ойында ойнаған, төрт адам ғана қалған. Ұзақ ұшулар, көшулер цикылы болғаны түсінікті. Ойын екі күннен кейінгі, ушінші күні. Түсінікті, бұл қиын. Физикалық, моралдық және де психологиялық жағынан команда шаршады, оған қоса қысымда бар. Прессада да көп жазады. Бұл жерде барлығын ескеру керек. Барлығы алаңдауда.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»