«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 2-ші турындағы «Ақсуға» (3:1) қарсы ойын туралы пікір білдірді.
– Еркош, жеңіс құтты болсын! Осы ойын туралы не ойлайсың?
– Рақмет! Ойын өте қызықты өтті. Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Біздің жанкүйерлерге жеңіс сыйлағанымызға және алдағы ойындарда жеңіске жетуге барша талпыныс жасаймыз.
– Бапкерлер штабы алаңға шықпас бұрын саған не деді?
– Алаңға шығатын кезде, бапкер маған ең бірінші – гол соғу және де баспен ойнау керектігін айтты. Бапкердің нұсқауын істедім деп ойлаймын.
– Сен әдемі гол соқтың. Осындай қашықтықтан соққы беру туралы шешім қалай қабылданды?
– Ойымда ондай ештеңке болған жоқ. Антон Крачковскийден пас алғаннан кейін, алдымда пас беретін ешкім болмады. Сондықтан тебуді жөн көрдім. Алланың қалауымен өзі кіріп кетті.
– Сен ұзақ уақыт бойы ойыннан гол соқпадың. Бұл мақсат саған психологиялық тұрғыдан қалай көмектеседі?
– Мен осы маусымға өте жақсы дайындықпен келдім. Өзіміздің Алматыда болған ОЖЖ-да жолдастық кездесулерде 6 гол соқтым, және де сол өзінің көмегін беріп жатыр. Екінші турда өзімнің алғашқы голын соқтым. Осы маусымда жақсы өнер көрсетемін деп ойлаймын.