Алматылық «Қайраттың» футболшысы Еркебұлан Сейдахмет «Ордабасыға» қарсы өткен ойын жайлы, клуб баспасөзіне өз пікірін білдірді (1:2).
- Ойын айтарлықтай қиын болды. «Ордабасы» өте жақсы қарсылас, осы жеңістен кейін, турнирлік кестеде бірінші орынға шықты, бірақ біз жеңіліске лайық болмадық деп ойлаймын.
Шабуыл шебінде көп мүмкіндіктер болды, бірақ сәтті түйіндей алмадық, осы жүйеде әлі де көп жұмыс жасауымыз қажет. Келесі ойында қателіктерді түзеп, жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамыз.
- Дәл қазірге сәтте, сен өзің ойнап көрмеген, оң қапталдағы қорғаушы позициясында ойнап жүрсің, үйренісіп үлгердің бе?
- Бұл позицияда ойнаған маған ұнайды. Жаңа позицияға үйрендім, әр ойын сайын жақсы өнер көрсетіп келе жатқандаймын.