«Қайраттың» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан Чемпионатындағы алматылықтар сапындағы дебюттік голы жайлы сұхбат беріп, барлық «сары-қараларды» жарқын жеңіспен құттықтады.
-Еркебұлан, дебюттік голың құтты болсын. Баспен соғылған керемет гол болды.
- Рахмет! Мен бірінші рет ерекшеленгеніме қуаныштымын. Бірақ, менің қандай гол соққаным маңызды емес. Ең бастысы команда жеңіске жетті. Біз Қостанайдан үш ұпай алып келетінімізге сенімді болдық. Барлық «сары-қараларды» жеңіспен құттықтаймын!
-Голдық комбинацияның қалай болғаны егжей-тегжейлі есіңде ме?
- Бауыржан өте керемет пас беріп, доп маған дәл соққыға келді. Маған тек қақпаға бағыттау керек болды. Мен баспен соғу керектігін сезініп, допты бұрышқа бағыттадым. Гол соққаныма өте қуаныштымын.
-Сенің голың керемет гол ғана болған жоқ, сонымен қатар маңызды гол болды. Үзіліске 2:0 есебімен немесе 2:1 есебімен кетуде үлкен айырмашылық бар.
-Ия, мүмкін бұл өз рөлін атқарды. Мені команданың екінші таймдағы ойыны көп қуантты. Команда шығып, өз деңгейін көрсетті. Барлығы біздің жеңіске деген құштарлығымызды көрді. Біз бес голдан да көп гол соғатын сәттер жасадық.
- Бапкер үзілісте командаға не айтты?
-Ол бізді гол соғуға бағыттады. Ол бізге бірнеше сәттерді көрсетіп, соның арқасында біз ойынды түзеттік. Бұл өз жемісін бірден берді. Екінші таймда біз өзімізді жақсы көрсеттік.
-Бүгін таңқаларлық табиғи метаморфоздар болды. Бұл ойынға әсер етті ме?
-Бірінші таймда жел бізге қарсы ойнады. Бұл кезде қарсыласқа жел бағытымен ойнау жеңіл болды. Екінші жартысында біз тең жағдайда болдық. Нөсер екі командаға да кедергі келтірді. Біз мінез көрсетіп, адал жеңіске жеттік.