«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Еркебұлан Сейдахмет: «Бапкердің нұсқауын орындадым деп ойлаймын»
Қайрат

Еркебұлан Сейдахмет: «Бапкердің нұсқауын орындадым деп ойлаймын»

07 мая 2023
/ 06:00

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 8-туры аясында «Тобылға» (3:2) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді.

– Еркебұлан, жеңіс құтты болсын! «Тобылға» қарсы ойын бойынша пікіріңді айта кетсең.  

– Біріншіден, барлықтарыңызды жеңіспен құттықтаймын. Ойын өте қызықты өтті. Осындай әсер алмағанымызға көп болды. Бұл – бапкерлік штабтың, ойыншылардың жеңісі.

– Бірінші таймда жарақат алған Егор Ткаченконы алмастырдың. Кирилл Сергеевич саған қандай нұсқау берді?

– Өкінішке қарай, Егор жарақат алып қалды. Оның орнына оң қапталға шықтым. Ойын алдындағы жаттығуда дайындаған нұсқаулар бойынша ойнадым, яғни алдыда көмектесу және артта ойнау. Бапкердің нұсқауын орындадым деп ойлаймын.

– Екінші таймда алаңға жігерленіп шығып, 3 гол соқтыңдар. Қысқаша айта кеткенде, үзілісте қандай сөздер жеңіске жетуге түрткі болды?

– Бірінші тайм біткен соң үзілісте киім ауыстыратын бөлмеде қай жерде дұрыс ойнап, қай жерде қате жіберіп жатқанымызды айтты. Соның арқасында мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, алмасып кірген жігіттер ойынды күшейткені байқалды.

– Қарсылас дөрекі ойнағандай көрінбеді ме?

– Жоқ, бұл футбол болғаннан кейін барлық жерде таласып-тартысатыны белгілі. Ең бастысы, ешкім аса қатты ауыр жарақат алып қалмады.

– Алда үйде «Ақтөбеге» қарсы ойнаймыз. Жігіттердің осы матчқа деген дайындығы ерекше ме? Жанкүйерлерге айтарың бар ма?

– Келесі ойынымыз «Ақтөбеге» қарсы. Бәріміз білетіндей, бұл – дерби. Алматыдағы жанкүйерлерді стадионды толтыруға шақырамын. Жеңіске бірге жетейік!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»