«Қайрат» ФК жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет «Ақсуға» (1:1) қарсы өткен Қазақстан Кубогы матчы туралы пікірін айтты.
- Көрермендер үшін матч өте қызық болды деп ойлаймын. «Ақсу» - құрамында мықты ойыншылары бар жақсы команда.
Дәл осы ойында биылғы маусымдағы дебют голымды соққаным үшін қуаныштымын. Бұл гол өз күшіме деген сенімділікті, негізгі құрамдағы орын үшін күресуге көбірек мотивация береді.