«Қайрат» негізгі командасының ойыншылары Елдос Ахметов пен Магомед Парагульков Т. С. Сегізбаев атындағы Академияның тәрбиеленушілерімен кездесті.
Айта кетерлік жайт, алматылық футбол «үйіндегі» осындай кездесулер дәстүрге айналды, жас футболшылары атақты тұлғалар жиі қонаққа келіп тұрады.
Бұл жолы футболшылар тәрбиеленушілермен құмар ойындардың қазіргі қоғамдағы жаман әсері жайында сөйлесті. Кездесудің басты мақсаты – еңбек секілді құндылықты насихаттау.
«Қайраттықтардың» айтуынша, ештеңе оңай келмейді: «Оңай ақша болмайды, олар еңбекпен келеді. Кішкентай ғана құмарлық үлкен ауруға ұласуы ықтимал. Ал еңбек пен ұмтылыс нағыз нәтиже алып келеді», - деді ойыншылар.