«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Ел чемпионатының XVII туры Фанас Салимовты еске алуға арналады
Қайрат

Ел чемпионатының XVII туры Фанас Салимовты еске алуға арналады

27 августа 2022
/ 06:00
Футболдан Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XVII туры отандық футболдың ардагері Фанас Салимовты еске алумен өтеді.

Фанас Нагимович Шымкент қаласында дүниеге келді. Жас шағында футбол алаңында көзге түсіп, Алматы қаласындағы республикалық интернатқа шақыру алған.

КСРО жасөсіпімдер құрамасына, сонымен қатар Одақтың жастар құрамасына шақырылып, Мексикада өткен Әлем чемпионатына қатысқан. Нидерланд құрамасының қақпасына соғылған голдың авторы атанды.

Сәлімов КСРО чемпионатында алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, аса кеңінен танымал болды. Одақ ыдырағаннан кейін Фанас Нағымұлы Украина чемпионатына ауысып, бұл елдің «Ворскла», «Нива», «Элвис», «Кривбасс» және «Николаев» командаларында өнер қөрсетті.

Қазақстанда «Екібастұз», «Жігер», «Жетісу», «Шахтер», «Тараз» және «Ордабасы» сынды клубтардың намысын қорғады.

Ойын мансабын аяқтағаннан кейін Фанас Нагимович төреші және инспектор ретінде футболдағы қызметін жалғастырды.

2021 жылдың 27 тамызында Салимов өмірден озды.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»