«Қайрат» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Эдмилсонмен келісімшартқа отырғанын қуана хабарлайды. Келісім 2027 жылдың маусымына дейін жасалған.
• Жасы: 28-де
• Позициясы: шабуылшы
• Бойы: 190 см
• Салмағы: 80 келі
Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Сан-Паулу штатында дүниеге келген. Ол футболдағы алғашқы қадамын «Вело Клубта» жасады. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Португалияда «Марко 09» және «Вилаверденсе» клубтарында ойнаған.
Соңғы екі жылда ол словениялық «Целе» клубының намысын қорғап, чемпион болып, Ел кубогының иегері атанды. УЕФА Конференция лигасының соңғы маусымында Эдмилсон командасымен бірге барлық 12 матчта ойнап, турнирдің ширек финалына дейін жетті. Ол «Целе» сапында жалпы 73 матч өткізіп, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
Сары-қара отбасына қош келдің, Эдмилсон! 💛🖤