«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Достық жеңді
Академия жаңалықтары

Достық жеңді

01 февраля 2019
/ 00:00

Бүгін «Қайрат» ФК-ның Тимур Сегізбаев атындағы Академиясына қонақтап келген Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс тәрбиеленушілерге аз уақыт дене қыздырып, үстел теннисін ойнауды ұсынды.

Ниет білдірушілер бірден табылды. Эндрю Парсонс «Қайраттың» жасөспірімі Иманғали Шәкіровпен дуэт болып ойнады. Екінші жұп болып жас қайраттық Сағди Смаилбек пен «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы әрі ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев өнер көрсетті.

- Достық жеңгені қызық болды, - дейді «Қайрат» ФК резерв Академиясының тәрбиеленушісі Иманғали Шәкіров. – Біршама уақыт бойы партия есебі тең болып тұрды. Кейін екі жақтың келісімі бойынша есепті тең қылып қалдыру ұсынылды. Бұл әділетті болады деп ойлаймын. Осындай танымал адамдармен теннис ойнағанымыз Сағди екеуіміздің есімізде мәңгіге сақталатыны анық. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»