«Қайрат» ФК баспасөз қызметі Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Қазақстан чемпионатының өз алаңындағы матчтарына жұмыс істеуге арналған БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдаудың қосымша кезеңі басталғанын хабарлайды. Бұл кезең маусым басында өтінім бере алмаған немесе маусым барысында жұмыс істей бастағандарға арналған.
Өтінім press@fckairat.kz электрондық поштасына қабылданады.
Өтінім қабылдау мерзімі — 2025 жылғы 4–15 маусым аралығы. Осы күннен кейін маусымдық аккредиттеуге өтінім қабылданбайды.
Барлық өтінім жеке қаралады. Жауап 2025 жылғы 19 маусымға дейін көрсетілген электрондық поштаға жолданады.
УЕФА Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы матчқа аккредиттеу кейінірек ашылады.
Аккредиттеу түрлері
PRESS – жазушы журналистер
- - Пресс-ложаға кіруге рұқсат
- - Микс аймағына кіруге рұқсат (ойыншыдан сұхбат алу)
- - Баспасөз мәслихатына кіруге рұқсат
MEDIA – фото және видео журналистер
- - PRESS-ке берілген барлық құқығы бар.
- - Алаң жиегіне шығуға рұқсат (фото және видеотехника жұмысы)
- - Түсіру кезінде манишканы міндетті түрде кию керек
Өтінімдегі құжаттар
- - Аты-жөні
- - БАҚ атауы
- - Байланыс телефоны
- - 3×4 фото (JPG/PNG)
- - Журналист куәлігінің көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама
MEDIA-ға арналған манишка бүкіл маусымға беріліп, журналистерде қалады.
Рұқсатты бақылау
- - Аккредиттеу бейджінде тексеруге арналған бірегей нөмір мен QR коды болады
- - Алаң жиегіне бейджсіз және манишкасыз кіруге тыйым салынады
Бір реттік аккредиттеу
Бір матчқа қана аккредиттеу қажет ететін журналистер бір реттік рұқсаттамаға өтінім бере алады.
- - Өтінім матч басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей press@fckairat.kz поштасына қабылданады.
- - Бір реттік бейдж бірегей нөмір, QR коды мен күні бар мөр арқылы қорғалған.
- - Бір реттік бейдж матч күні «Қайрат» ФК фан-шобында беріледі.
Бейджді пайдалану жауапкершілігі
- - Аккредиттеу бейджі – жеке құжат. Оны үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады.
- - Бейдж басқа тұлғаға берілсе, оның күші жойылады. Ал журналистің аккредиттеуі қалпына келтірілмей жойылады.
- - Бейдж жоғалған немесе ұрланған жағдайда журналист дереу баспасөз қызметіне хабарлауға міндетті.
Рұқсат ережелерін сақтау
- - Барлық аккредиттелген БАҚ өкілі аккредиттеу түріне (PRESS немесе MEDIA) сәйкес қатаң белгіленген аймақтарда болуы керек.
- - Фотографтар мен видеооператорларға жарнамалық LED тақталарының артында, қақпалардың артындағы аумақта ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
- - Матч кезінде журналистер пресс-ложада қалуы керек.
Кәсіби тәртіпті сақтау
- - БАҚ өкілдері матчты ұйымдастырушылардың, ойыншылар мен басқа да қатысушылардың жұмысына кедергі жасамауы керек.
- - Қосалқы ойыншылар орындықтарына, команданың шешінетін бөлмелері мен аккредиттеуде көзделмеген басқа аумақтарға кіруге тыйым салынады.
- - «Қайрат» ФК баспасөз қызметінің рұқсатымен ғана ойыншылармен, бапкерлер мен клубтың ресми өкілдерімен сұхбат жасауға болады.
Стадионға кіру тәртібі
- - БАҚ өкілдері стадионға Абай даңғылынан, турникеттердің оң жағында, Kairat Sportpub жанынан кіре алады.
- - Стадион трибуналарына 11-кіреберіс арқылы батыс трибуна жақтан кіреді.
- - Барлық аккредиттелген БАҚ өкілі бейджді көрінетін жерде тағуға міндетті.
Аккредиттеудің күшін жоятын тәртіп бұзулар
- - Өтінім беру ережелерін бұзу немесе жалған деректер беру.
- - Аккредиттеу бейджін үшінші тұлғаларға беру.
- - Клуб беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарату.
- - Матч кезінде стадионда мінез-құлық ережелерін бұзу.
- - БАҚ қызметін тоқтату немесе журналистті жұмыстан шығару.
Осы ережелерді сақтамаған жағдайда «Қайрат» ФК-да аккредиттеуден бас тарту құқығы бар.