«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Дмитрий Сергеев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 8-туры аясында «Тобылға» (3:2) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді.
– Дима, жеңісің құтты болсын! Ойын туралы ойың, эмоцияң қандай?
– Ең бастысы, біз жеңдік. Көңіл-күйіміз керемет. Жеңгенімізге өте қуаныштымыз. Енді келесі матчқа дайындаламыз.
– Сен алаңға шыққаннан кейін бірден екі минуттан соң команда гол соқты. Бұл сен доп тартып алғаныңнан басталды.
– Біз шабуылдаушы футбол ойнаймыз әрі соңғы минутқа дейін қарсыласқа қысым көрсетуге тырысамыз. Солай болғаны жақсы болды. Оның ішінде менің де еңбегім бар деп үміттенемін.
– Гол соққан эпизодың туралы айтып берші. Сен допты қақпаға итеріп жібердің деуге болады.
– Бірден соғамын деп ойладым. Доп ыңғайсыз секіріп, құлап жатып итеріп жіберуге мәжбүр болдым.
– Қайрат» сапында 9 матчта «Зенит-2» сапындағы 100 матчтағыдай сонша гол соқтың. Бұл көрсеткіш немен байланысты деп ойлайсың?
– Мен тіпті білмеймін де (күлді). Бәрі солай болуы керек шығар. Көп еңбек еткенімнің арқасы деп білемін.
– «Ақтөбеге» қарсы келесі ойынға команданың дайындығы қандай?
– Бұл ойынға жанкүйерлер көп келеді деп ойлаймыз. Олардың барлығын стадионға шақырғымыз келеді. Бұл кездесу біз үшін де, қала үшін де және турнирлік кесте тұрғысынан да маңызы зор. Мүмкіндігінше көрерменнің көп болғанын қалаймын. Біз 100 пайыз беріліп ойнауға тырысамыз.