«Жетісудың» бас бапкері Дмитрий Огай «Қайратқа» қарсы ойын жайында пікірін білдірді.
- Біз жігіттерге құрмет көрсетуге тиіспіз, олар матч бойы қорғаныста ұйымшылдықпен ойнады, ойын басында біз тым көп қателікке жол бергенімізге байланысты «Қайратта» мүмкіндіктер болды. Сондықтан, бізге қауіпті қарымта шабуылдар жасалды. Үзіліс кезінде жігіттерге төзуге тура келетінін, өз мүмкіндігімізді іздеу керек екенін айттым.
Екінші таймда гол соға алдық, бірақ бірінші таймда Степанюкте тамаша мүмкіндік болған. Ойынның екінші жартысында қауіпті шабуыл жасай алмадық. Олег Хромцовта бір мүмкіндік болған, кейін Степанюк те мүлт кетті. Мұндай қарсыласпен бізге өте ауыр болатынын түсіндік. Жігіттер жарады, олар соңына дейін шыдап, өздерінде болған мүмкіндікті жіберген жоқ.