«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Дмитрий Баландин «Қайрат» ФК-ның академиясының кезекті қонағы
Қайрат

Дмитрий Баландин «Қайрат» ФК-ның академиясының кезекті қонағы

14 сентября 2022
/ 06:00

2016 жылы Риода өткен жазғы ойындар Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Т.С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК-ның академиясына қонаққа келіп, клубтың жасөспірім ойыншыларымен кездесті.

Кездесу барысында даңқты спортшымыз, тәжірибесі мен ақыл-кеңестерін айтып, жетістікке жету жолындағы құпияларымен бөлісті.

«Қайрат» футбол клубының тәрбиеленушілері де сұрақтарын ұялмай қойып, спортшымызбен түрлі тақырыпта ашық әңгімелесті.

Дмитрий Баландинның ақыл-кеңестері, бөліскен тәжірибесі клуб тәрбиеленушілерін тек алға ұмтылып, жеңімпаз атануларына өз үлесін тигізіп, жас спортшылардың жадында мәңгі сақталары анық.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»