«Қайраттың» сапында осы маусымда 21 ойын өткізген қорғаушы Дино Миканович Еуропа Лигасындағы біздің келесі қарсыласымызға баға беріп және де «Широки Бриегке» қарсы ойындағы жарқын жеңіске қуанды.
-Дино, сен біздің Европа Лигасындағы келесі қарсыласымыз туралы не ойлайсың?
- «Хапоэль» - бұл еурокубоктық жарыстарда үлкен тәжірибесі бар команда. Бұған қарамастан мен біздің жетістікке жететінімізге сенемін. Егер де біз өз жұмысымызды жақсы жасасақ, егер де өз деңгейімізді көрсетсек, келесі раундқа қадам басамыз. Ең бастысы біз барынша күш салып және де бір секундқа да босаңсымауымыз керек.
-Кешегі «Орталықтағы» жеңістен кейін не сезіндің?
-Мен бақытты болдым! Эмоциямды жеткізе алмаймын! Біз командасында жақсы ойыншылары көп, мықты команданы жеңдік. Менде командамыз секілді келесі раундқа шыққанымызға, жанкүйерлерді қуантқанымызға қуаныштымын. Енді келесі матчтарға дайын болу үшін, жақсылап жұмыс жасауымыз керек.
-«Широки Бриегқа» қарсы матчтың соңындағы пенальти жайлы айтшы.
-Менің ойым былай:бұл пенальти емес. Бұл қалыпты жекпе-жек болды. Қалыпты допқа талас. Бұндай жекпе-жектер айып алаңында бір матчта жүз рет болады. Төреші ысқырғанда қатты таңқалдым. Онымен қоймай маған сары қағаз көрсетті. Бірақ, бұл төрешінің шешімі.
-Үш минутта екі гол, бұл жанкүйерлерге керемет сыйлық болды. Қай гол көбірек ұнады?
-Екеуі де! Бірінші жағдайда керемет жылдам комбинация болды. Георгий Жуков керемет сурылып шығып, қарсыласты дриблингтін арқасында алдап өтті, ал Рамазан Оразов шабуылды жақын бұрыштамаға бағытталған соққымен керемет аяқтады. Екінші гол да керемет орындалды: Бауыржан Исламхан қарсыластың үстінен асыра пас тастады, ал Қуат болса допты жерге тигізбей секіріп соққы жасады.