«Қайраттың» қорғаушысы Дино Миканович «Ақтөбеге» қарсы ойында команданың үйлесімді жұмысы туралы айтып, бапкерлер штабына сенім артқаны үшін алғысын білдірді.
- Дино, маусымдағы ең ірі жеңіспен құттықтаймын!
Рахмет! Бүгін біз барлық құраммен өз алаңында ғана ойнайтын командаға қарсы тұрдық. Сондықтан да біздің екі жылдам гол соққанымыз өте маңызды. Екінші таймда олар ашыла бастап,біз тағы төрт гол соқтық. Дегенмен, тағы да гол соғуға болар еді. Бұл біз үшін өте жақсы ойын болды. Барлық команда өте жақсы жұмыс істеді. Болашаққа сеніммен қараймыз. Келесі турда «Астанаға» қарсы өте маңызды ойын болды.
- Бүгін чемпионатта 27-ші матч өткіздің! Тамаша жетістік!
- Рахмет! Мен турнирдің екі ойынында ғана ойнаған жоқпын. Әрқашан алаңға шығуға құштармын, сондықтан да жаттықтырушылар штабына сенім артқаны үшін тағы да рахмет. Соңғы екі айда біз бейсенбі-жексенбі кестесіне сай ойнамаймыз,сондықтан да қалыпқа келу жеңілірек.
- Ойынның екінші минутында зақым алдың. Қатты соққы алдың ба?
- Оң аяққа соққы алдым. Қатты ауырды. Мұндай тәсілдер көп болды. Еуропа Лигасында да және ҚПЛ-да. Жақында «Ордабасы» командасына қарсы матчта да аяққа жиі соққы алдым. Ойында оны байқамауға тырысамын. 3-4 күннен кейін қалыпқа келемін.
- Бірнеше демалыс күндерін қалай пайдаланасың? Хорватияға ұшасың ба?
- Жоқ, Алматыда қаламын. Жету өте қиын. Өткен жолы менің екі рет рейсімді ауыстырды, мен жолда бір тәулік өткіздім. Содан кейін ұзақ өз-өзіңе келесің.